Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) өзінің кезекті жекпе-жегінің алдында көңіл-күймен бөлісті.

15 ақпан (16 ақпан күні Қазақстан үшін) отандық нокаутер Малвейнде (Канзас штаты, АҚШ) жекпе-жек өткізеді, оның қарсыласы мексикалық Хосе Луис Родригес (25-12, 13 КО) болады.

– Ол тәжірибелі қарсылас. Мен әрбір қарсыласымды құрметтеймін және оларды шындап қабылдаймын. Менің болжамым өзгермейді — шығу және оппонентті сындыру. Жыл соңына қарай мен озімді чемпион ретінде көремін. Аз сөз, көп іс,-деді «Баха-оқ».

Сондай-ақ, боксшы өзінің жеке өмірі туралы егжей-тегжейлі айтып бергісі келмейді, тек қана спортта шоғырлануға ниетті екенін атап өтті.

– Мен өз отбасыммен Бруклинде тұрамын. Отбасы-бұл менің бекінісім. Мен отбасымды жария талқылаудан сақтаймын. Жеке ештеңе жоқ, — Эюбовтың сөзің The Ring келтіріп отыр.